Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары


НазваниеХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары
страница1/35
Дата публикации08.03.2013
Размер5.83 Mb.
ТипДокументы
referatdb.ru > Философия > Документы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
`Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Акимат Восточно-Казахстанской области

Семипалатинский государственный университет им.Шакарима


«АБАЙ МҰРАСЫ-АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

МАТЕРИАЛДАРЫ

6-9 қазан 2010 жыл
Абай Құнанбайұлының туғанына

165 жыл толуына арналады
МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции:

«НАСЛЕДИЕ АБАЯ- БЕСЦЕННОЕ ДОСТОЯНИЕ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА»

6-9 октября 2010 г.
Посвящается 165-летию

Абая Кунанбаева

Семей, 2010

УДК 821.512.122.0

ББК 83.3 (5 қаз.)

А 13
Жалпы редакциясын басқарған Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Сапарбаев Б.М.

Редакция алқасы: Сыдықов Е.Б.(жауапты редактор), Шаңбай Т.Қ., Әмірханов Қ.Ж., Дүйсенбаев С.Т.,Еспенбетов А.С., Молдажанова Ә.А., Рскелдиев Б.Ә.

«Абай мұрасы-адамзаттың асыл қазынасы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.-Семей, 2010.-

ISBN 9965-887-70-5

Абайдың 165 жылдық мерейтойы қарсаңында даярланған бұл жинақта Абай мұрасының өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Бұл жинақта «Абай мұрасы-адамзаттың асыл қазынасы» атты тақырыптағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынылған баяндамалар жинақталған. Жинаққа енген ғылыми еңбектерде, Абайдың бай мұрасы кеңінен зерттеліп, көптеген тың пікірлер айтылған. Жинақ жоғары оқу орындарының ұстаздарына және студенттерге пайдалануға ұсынылады.


^ Под общей редакцией акима Восточно-Казахстанской области Б.М.Сапарбаева.

Члены редакционной коллеги: Е.Б.Сыдыков (ответственный редактор), Т.К.Шанбай., К.Ж.Амирханов, С.Т.Дюсенбаев, А.С.Еспенбетов, А.А.Молдажанова, Б.А.Рскелдиев


«Наследие Абая - бесценное достояние человечества». Материалы Международной научно-практической конференции.-Семипалатинский государственный университет имени Шакарима.-Семей, 2010.-


В сборнике, подготовленных в рамках юбилейной программы 165-летия Абая, представлены материалы наследия Абая. В книгу вошли доклады, посвященные исследованиям самых разных аспектов творческого наследия Абая. Сборник рекомендуется преподавателям и студентам высших учебных заведений.

УДК 821.512.122.0

ББК 83.3 (5 қаз.)
ISBN 9965-887-70-5

^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Б.М.САПАРБАЕВТЫҢ

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ АШАРДАҒЫ СӨЗІ

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Қадірменді қонақтар!
Көркем ойдың әлемдік деңгейдегі тұлғаларының бірі ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияны ашуға рұқсат етіңіздер.

Күллі адамзаттың рухани өмірінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазақ халқының жарық жұлдыздарының бірегейі ақын, данышпан ұлы Абай екені даусыз.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев көрегендікпен «Адамзаттың Абайы» деп артына аманат етіп қалдырған ұлағаттары әлем халықтарына ортақ екендігін баса айтқан болатын.

Батысқа да, шығысқа да терең үңілген ұлы Абай олардың ірі тұлғаларынан үйреніп қана қоймай, халқын солардың мәдениетінен, білімінен сусындауға шақырды. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол»,- деп шығармаларында «адам шыр етіп дүниеге келгеннен өмірінің мәнді болу үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап беріп, олардың өмір сүруінің гуманистік бағдарламасын жасап берді.

Абай қағидаларының бүгінгі біздің ұлттық саясатымызда алар орны ерекше. Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты да ұстанып отырған мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табамыз. Абай мұрасын бүгінгі таңда тек қазақ көлемінде ғана емес, дүниежүзілік өркениет ауқымында қарау қажеттігін мен ерекше атап айтқым келеді. Бүкіл адамзаттық рухани биіктікке шыққан ойшыл ақын ұлтындағы, дініндегі, тіліндегі айырмашылықтарына қарамай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деп ең басты қағида бірлікке насихаттауы. Бұл Абайдың дүние жүзілік өркениет ауқымына шыққанын көрсетсе, еліміздің, Ел басымыздың экономикамыздың дамуын бір қалыпқа түсіргеннен кейінгі баса назар аударған халықтар бірлігі, достығы мәселесі екендігін білеміз.

Халықты бір шаңырақтың баласындай өмір сүруге шақырған Абай ұлағаты мәңгілікке берік тұғыр-сүйенішіміз болары анық.

Абайдың ғажайып ақындық өнерінің, философиялық ой даналығының, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты ақылмандығының мәні мен маңызы, оның бүгінгі заман, болашақ ұрпақтар үшін таптырмайтын ұстаздық үлгі-өнеге және қазақ зиялыларының әлеуметтік прогреске талпынысына да айта рлықтай ықпал етті. Онымен қоймай, қазақтың жиырма бірінші ғасырдағы қоғамдық санасына тікелей әсерін тигізе алды. Абайдың әлеуметтік ойшылдығына теңірек үңілетін тұс-қазіргі кезең. Қоғамымыз дамуындағы түбегейлі өзгерістер болып жатқан бүгінгі күндер.

Абай айтады: «қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?... Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім, өнер керек екен». Шынында да техникалық пргресс дамымай ғылым, білім қалай дамысын.

Абайды мақтаныш ете отырып, өсиетін ұғынып, біліп, оны ұрпақ санасына сіңіру адамгершілік пен ақыл-парасаттық, ой тазалығының тұнығына бұрынғыдан да терең бойлауға, зерделеп тануға жол ашыла бермек. Бұл орайда игілікті істер тыңдырылуда деп айтуға әбден болады. Кеше ғана Өскемен қаласының орталық алаңынан еңселі Абай ескерткіші бой көтерді. Облысымызда «Абай үні ұрпаққа ұлағат» атты мәдени іс-шаралардың жоспары жасалып, жұмыстар жүзеге асуда.

Қазіргі таңда көптеген ел Абай шығармаларымен өз тілдерінде сусындауда. Олар ағылшын, неміс, француз, түрік, венгр, поляк, жапон, қытай, үнді тілдерінде бір қатар араб мемлекеттерінде аударылды. Алдағы уақыттада Абайға қатысты осы шаралар күн тәртібінен түспеуі керек. Абайды таныту арқылы біз мемлекетімізді, халқымызды әлемге танытамыз.

Абайдың оқырманы көбейсе, қазақтың досы да көбейе берері хақ.

Аса сақтықпен қарайтын тағы бір дүние Абай үнінің басқа тілдерде құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиуіне аудармашылар баса мән берулері керек.

Біз бүгінгі таңда Абайдың әр сөзі қарапайым халыққа толық жетті, халық оны толық түсінді деп айта алмаймыз. Толық білсе, белгілі бір орта білер. Сондықтан Абайдың әр сөзі қарапайым халықтың жүрегіне жететін жолды қарастыруымыз керек. Әлі де үлкен жұмыс, қыруар іс-шаралар жүзеге асыруды талап етеді. Абай сөзі еліміздің жас буының қаз басып , буынының бекуіне, озық ойлы интеллигент болып қалыптасуына барар жолдың әдіс –амалын жетілдіре беруіміз қажет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы Шәкәрім сынды ұлы алып тұлғалардың тағдырын,шығармалары арқылы олардың қазақ халқының дамуына, тағдырына тигізген әсерін, қызметін дәлелдейтіндей жол ашты.

Абайдай ұлылардың ұлағатымен сусындаған қазақ елі бүгінгі күні экономиканы нығайтып, халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартумен қатар, оның мәдениеті мен әдебиетіне, білім алуымен спортына, қысқасы барлық өмір талабына қамқорлықпен қолдаудың жолдарын саралап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында алдағы уақытта өркениеттің шыңына шығып, еңселі елу елмен иық тірестіруді басты міндет етіп қойып отыр.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Сөз соңында айтарым, қазақтың классикалық ой әлемінің шыңы атанған ұлы хәкім Абайдың ұлағатымен адамзатты сусындатуға күш жігерімізді аямайық.

^ ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
Оразалин Н.М., Қазақстан жазушылар одағының төрағасы,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
АБАЙ - ҒАЛАМДЫҚ ТҰЛҒА
«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай», - деп ХХ ғасыр басында Міржақып Дулатұлы өте көрегендікпен Абайға шын бағасын беріп кеткен.

Абай – ғаламдық тұлға. Өйткені, Абай ойына үңіліп, сәл толғана бастасаң өмірлік жаңалық ашасың. Ғұлама ойшылдың мұралары 165 жыл өтсе де бүгінгі күні саф алтындай жарқырап, өз өміршеңдігін көрсетіп отыр. Тағы да Міржақыптың: «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...», - деуі бүгінгі таңда нағыз шындыққа айналып отыр.

Осындай дүбірлі тоймен қатар негізгі бастауын Абайдан алып отырған қазақ әдебиеті үшін биылғы жыл – қазақ көркем сөзі мен руханияты үшін айтулы жыл. Бұған себеп - алыптарымыз бен арыстарымыз іргесін қалаған, өткен ХХ ғасырдың елең-алаң уақытында өмірге келсе де өзінің ұлттық мақсаттар жолындағы міндетін адал атқарып келе жатқан, тарихи кезеңдерде ұлтқа қорған болған Қазақстан Жазушылар одағының және ұйым құрылтайшылығындағы «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Простор» журналдарының аталып отырған 75 жылдық мерейтойлары. Сөз жоқ, Жазушылар одағы қылышынан қан тамған қызыл империя тұсында да, Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда да алмағайып кезеңдерді бастан көп өткерді. Қалай болған күнде де, 75 жыл – бір дәуір, бір адамның саналы ғұмыры. Осы 75 жылдың ішінде күнгейлі-теріскейлі тарих беттері аз емес. Бодандықтың қамытын кидік, Азаттықтың ақ таңын қарсы алдық. Ұлт болып қалыптасуымызға әрқилы әсері болған, өткен ғасырдағы саналуан тарихи оқиғалардың белортасында жүріп, шыныққан іргелі шығармашылық ұйымдардың бірі, бірегейі. Қайбір кезеңдерде аузынан жалын шашқан алып империя алмас қылыштай болған ұйымның өткір жүзін шарыққа салған сәттері де болды. Бәрі де болды. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда да ұйымның от пен судан, көлденең кедергілерден басын алып қашып, құрғақта, күшуақта жүрген жағдайы жоқ...

Қай кезде, қай салада болмасын саналы өмір сүруге бет алған мақсаты, мұраты, мүддесі ортақ топтар қауымдасып, қоғамдасып өздерінің алға қойған жобаларын іске асыруы тиіс, соны белгілі бір арнаға қарай бағыттап отыруы керек. Бұл - біз ойлап тапқан жаңалық емес, адам баласы өзінің саналы өмір сүруге бет алған алғашқы кезеңінен бері келе жатқан жер үсті дамуының айнымас қағидасы.

Бұл ойымызды дәлелдейтін мысалдарды әлемнің арғы-бергі тарихынан мол ұшыратуға болады. Ерте дүние тарихынан, атап айтқанда, көне Қытай мәдениеті мен Үнді философиясын өмірге алып келген кезеңдерден, Шумер, Мысыр, Бабыл мәдениеттерінің бесігін тербеткен замандардан, эллиндік дәуір мәдениеті мен көк түріктердің тастағы жырларын жаратқан кезеңдерден, қысқасы, адамзат ойы мен арманының көкке қанат қаққан кез келген үзік-үзік сәттерінен қауымдасып, қоғамдасып ғұмыр кешудің нақты мысалдарын табуға болады.

ХХ ғасыр - арғы-бергі дәуірлердің тәжирибиесін қорытқан, соның нәтижесінде адам баласының өмір сүруінің орасан үлгілерін қалыптастырған, бір ізге салған ғасыр.

Жекелеген елдердің мысалына сүйенсек те, әлемдік контексте алып қарасақ та, сіз бен біздің кіндігімізді кесіп, санамызды қалыптастырған, ойымызды бекіткен ғаламат оқиғалар мен өлшеуге көне бермес өзгерістердің кеңістігі болған сол өткен жүзжылдық өмірге алып келген қауымдасып, қоғамдасып өмір сүрудің бір үлгісі – осы әралуан өнер иелерінің әрқилы шығармашылық ұйымдар айналасына топтасуы.

Шығармашылық одақтардың құрылымын түзген – Кеңестер одағы дейтін алып империя. Бұл – күмәнсіз ақиқат. Бір ғасырға жуық адамзат баласының ойына, санасына, өмір сүруіне шексіз ықпалын жүргізіп келген империялық идеологияның мақсаты, түптеп келгенде, тоталитарлық жүйенің бейнесін асқақтату, абырой-беделін жұрт санасында бекіту болды. Империя жүйелі жұмыс істеді. Әдебиетті бағыттау мен өнерді тізгіндеу арқылы жүйе тұтас бір дәуірдің рухани ұстанымын қалыптастыруға күш салды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін коммунистер қаталдық танытып, тізгінді тежеумен қатар, әдебиет пен өнер иелеріне жағдай жасауды жан-жақты ойластырды. Шығармашылық одақтардың өмірге келуі осы бағыттағы үлкен қадам еді.

Ұйымның ұлы тарихына көз жүгіртіп отырып, қоғам өміріндегі күнгейлі - көлеңкелі тұстардың таңбасы мен ізін одақ өмірінен анық аңғаруға болады. Күнгейлі тұсы да көп, көлеңкелі сәттері де жеткілікті... Жасырып бүгетіні жок, «қаржысын бөліп, қаламгердің жағдайын жасаған» қатал жүйе, әсіресе 30-40-50 жылдарда ұйым қолымен біраз қиянатқа жол бергенін білеміз. Тарихтың ащы сабақтарына ойша көз жүгіртсеңіз, бармағымызды қарш-қарш шайнайтын тұстары жетіп-артылады...

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін отызыншы жылдар мен қырқыншы жылдардың ақыл мен парасат иелеріне қырғидай тиген «шұбар төс» мінезін айғақтайтын тарихи құжаттарға бүгінде жол ашыла бастады. Оқысаң, арқаңды аяз қапқандай болады. Әкесі баласын, інісі ағасын аямаған содыр заманға не дуге болады?!

«Әйелің халық жауы» дегенде ауыз ашуға дәті бармаған «империя көсемдерінің» қауқарсыз кескінін көріп тұрып, «төмендегілерге» айыпты қалай тағарсың?! Ортағасырлық инквизициядан асып түспесе, кем түспеген қоғамнан қаламгерлер ұйымын бөле-жара қарауға болмайды. Бірді-бірге айдап салу мен бірін-бірі ұстату «ортақ іске» айналған қоғам жазушыларды да өз ұйығына тартты. «Бейімбет жау болса, біз де жаумыз...» деген Ғабит Мүсіреповтер мен жүйе солақайлығын ашық айтып, Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұловтар аз, тым аз болды. Шындықты айтпақ түгілі, естіген жанның мойнына құлбырау түскен қоғамды кінәлайсың ба? Әлде адам жанын тоздырған заманды кінәлайсың ба? Кімді кінәларсың?!

Өкініші мен өксігі, қуанышы мен жеңісі қатар өрілген осынау жиырмасыншы ғасырдың төл перзенті саналар жазушылар ұйымының ұлт әдебиетін әлемдік сатыға көтеруде орасан істер атқарғанын мойындауымыз керек. Одақ әдебиет өрісін кеңейтіп, озық үлгілі туындыларымыздың өзге тілдерге аударылуына, сондай-ақ көркем әдебиетіміздің үздік үлгілерінің қатарының молаюына барынша күш салып, тиісті мемлекеттік орындар алдында кітап шығару, қаламақы төлеу, жазушының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын реттеп отыру секілді күрмеулі мәселелерді қойып отырды. Сол мәселелердің оң шешілуіне мұрындық болды. Бұл, сөз жоқ, сол кезеңдегі әдебиетке жасалған үлкен қамқорлық екенін айрықша атап өтеуге тиіспіз.

XX ғасырда ұлт ойы мен парасатының кенен көздері ашылып ұлт ғылымы қарыштап өсті, әдебиетіміз бен өнеріміз әлемдік биікке көтеріліп, ондаған классикалық шығармалар дүниеге келді, ғаламтану үлгілеріміз мойындалып, көркемдік мектептеріміздің көкжиегі кеңейді. Қазақ халқы өзінің көпғасырлық көшпелі дәуірін тұйықтап, отырықшылыққа бет түзеді, үй тұрғызды, қала салды, қара соқаны ғарыш жолымен жалғады. Ең бастысы, азаттық айдынына шықты.

Осы ғасырда Абай, Махамбет, Жамбыл есімдері әлемге қазақ жырының құдіретін танытты. Осы ғасыр Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Ғабит, Ғабиден шығармаларының тұсауын кесті. Арыстарымыз бен Алыптарымыздың ойын тербеткен ғасырдың соңы қазаққа тәуелсіздік дейтін киелі ұғымды тарту етті. Тәуелсіздіктің тұғырға қонғанын көрдік.

Иә....

Дәуір ұлтты шыңдады. Ұлт дәуірдің болмыс-бітімін жасады. Өмір, замана ақиқаты бізге осыны айтады.

Әдебиет сол ақиқаттың айнасына айналды.

Жиырмасыншы ғасыр ұлт мерейін өсірер үлкен әдебиетімізді қалыптастырды. Осы ғасыр бедерінде қазақ әдебиетінің барлық жанры дамыды. Жазушылар одағы сол қалыптасу мен дамулардың қара қазанының отын үрлеген қара көрік секілді қыруар міндеттер атқарды. Атқарып та келеді. Соның арқасында ел көкірегінде сөз өнеріне деген құрмет пен ықылас орнықты. Бұл жағдай өз кезегінде ұлт қаламгерлерінің әдебиет алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, жазуға деген құлшынысын молайтты.

Жаһандану – жұмбағы мол құбылыс. Жұмырбас пенденің бүгінде бұл құбылысты айналып өтуі мүмкін емес... Жер үсті өркениетінің даму логикасы осыны айтады. Жалғыздық деген шіркін ана дәуірде де, мына дәуірде де болған. Болады! Біздің заманымызға дейін өмір сүрген Анарыс ойларына ден қойған адам ұлы бабамыздың «жалғыздық қорығына» жиі–жиі қамалғанын жоққа шығара алмасы анық. Анарыстың жалғыздығы Елжау би, Майқы би, Күлтегін, Тоныкөк бабаларымыздың басынан өтпеді дейсіз бе? Жалғыздық дейтін әлгі жегіқұрт жанын жемесе, Қорқыт бабамыздың көрден қашып несі бар?! Ұлы даланың ойшылы Асан жырауға «қайғы» сөзі қайдан жамалды?! Ереуілі заманда ат үстінде жүріп, Алаштың бүтіндігін сұраған нар кезеңнің зор ақыны Ақтамбердінің аузына «жағама қолдың тигенін жалғыздық сенен көремін...» деген жолдарды кім салғызды?! «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» дейтін ұлы Абай жалғыздығының төркінінде не жатыр? Жә... Бұл аз десеңіз, ХVIII ғасырда ғұмыр кешкен ағылшынның ұлы жазушысы Вальтер Скоттың аузына «Жер шары ғаламның сарғыш үйі ме деп сескенемін» деген ғалам жалғыздығы хақындағы үрейлі сөздерді кім салғызып отыр? Ұлы Жаратушының шебер өрнегінен шыққан Жалған атты жер үсті тіршілігі емес пе салғызып отырған?!

Менің аузыма есімдері іліккен тарихи тұлғалардың барлығы да сөз өнеріне ештеңені тең қоймаған, теңгермеген әр дәуірдің, әр кезеңнің ұлы тұлғалары. Адам адам болғалы әдебиет дейтін киелі ұғым бірге жасасып келеді. Өзіміз көзімізбен көрген кешегі жиырмасыншы ғасырда да солай болған. Бұл кеп адамзат көші аялдайтын тұсқа дейін жалғаса бермек.

Иә. Адамзат көшінің үзілмеуін тілеу – бүгін жер басып жүрген жеті миллиардқа бет алған жұмыр бас пенденің ең басты парызы.

Әдебиет – сол парыздың адал атқарылуына ықпал жасайтын рухани тәрбие мен тазару көзі. Соны бүгінгі ұрпақ – жалғастардың жалғасы ұмытпауы керек.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие рефераты:

Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары
Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік...
Халыќаралыќ «Сейтен таѓылымдары» ѓылыми-практикалыќ конференциясының...
Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясы материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
2012 Январь
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары Еуропалық одақ-қазақстан-Ресей: Қытаймен Ынтымақтастықтың келешегі
«ШОҚан оқулар ы 18» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 2 5 -26 с
Бұл басылымға 2014 жылдың 25-26 сәуір аралығында өткен «ШОҚан оқулары 18» дәстүрлі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары...
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 18 маусым 2010 ж
Саяси институттар жүйесіндегі бақ: теория және практика: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Астана: Л. Н. Гумилев...
«ШОҚан оқулары 18» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 25-26 сәуір
Бұл басылымға 2014 жылдың 25-26 сәуір аралығында өткен «ШОҚан оқулары 18» дәстүрлі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары...
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары 20-21-қазан 2011ж
Конакбаева, Р. А. Омарова, Л. К. Бадина, Н. Г. Малюченко, Ш. С. Калиева, Н. В. Васильева, К. К. Толеубеков, Н. Н. Наурызов, В. Н....
МӘселелер және болашағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция...
Репродуктивное здоровье и гинекология. Проблемы и перспективы: Материалы международной научно-практической конференции. Reproductive...
Халықаралық білім беру корпорациясы
«Құрылыс конструкцияларының өзекті мәселелері мен даму болашағы: инновациялар, модернизациялар және құрылыстағы энергия тиімділігі»...
Министерство здравоохранения республики казахстан
Интегралды оқыту: жағдайы және даму бағыттары: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды: Қмму баспаханасы,...

Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Школьные материалы


При копировании материала укажите ссылку © 2013
контакты
referatdb.ru
referatdb.ru
Рефераты ДатаБаза