“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»


Название“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
страница1/21
Дата публикации08.03.2013
Размер3.23 Mb.
ТипДокументы
referatdb.ru > География > Документы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы

мен мәдениеті мұражайы»

мемлекеттік мекемесі

“Отан неден басталады”

«С чего начинается Родина»


IV Балалар аймақтық өлкетану

оқуларының материалдары

Материалы

IV Детских региональных

краеведческих чтений

Лисаков қаласы

10 желтоқсан 2009 жыл

“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений.

В сборник вошли материалы детских региональных краеведческих чтений “Отан неден басталады” «С чего начинается Родина», состоявшихся в городе Лисаковске, Костанайской области 10 декабря 2009 года. На чтениях были представлены детские исследовательские проекты по темам: «История городов и сел Костанайской области», «65-летию Великой Победы посвящается», «Стала судьбой целина…», «Имя в истории», «Культура Казахстана».

Редакционная коллегия: составитель - Ю.П. Буданова, оформление обложки - Н.Е. Жиляева, редакция работ на казахском языке – Б.Ж. Абуова

Лисаковский музей истории и культуры Верхнего Притоболья Управления культуры акимата Костанайской области.

Предисловие.

«Правило и обычай мудрецов и ученых таковы,

чтобы великие события, добро и зло всякой эпохи датировать своим числом,

чтобы после них, у проницательных потомков и у последующих поколений был бы определенный авторитет, основанный на прошлом своего народа…»

^ Рашид ад-Дин*

В IV Детских региональных краеведческих чтениях «Отан неден басталады» (С чего начинается Родина) приняли участие школьники сел Тарановского, Денисовского, Федоровского районов, городов Рудного, Лисаковска и Житикары.

Авторы зафиксировали в своих работах результаты встреч с ветеранами Великой Отечественной войны, первоцелинниками, рассказали о своих предках, об учителях, о людях, именами которых названы улицы. В стенах музея многие слушатели впервые познакомились с именами выдающихся личностей, родившихся на костанайской земле. Мырзағали Кужахмет (сш № 15, г.Рудный) рассказал о Бекете Утетлеуове, одном из первых казахских учителей области, который сам переводил на казахский язык басни Крылова. Для Турара Елибаева (Успеновская сш, п.Успеновка, Федоровский район) навсегда примером станет заслуженный деятель науки и техники КазССР, член-корреспондент АН КазССР, профессор, доктор физико-математических наук, уроженец села Успеновки Василий Антонович Сапа, биографию которого он тщательно изучил. Констанин Кузнецов (сш № 1, г.Рудный) посвятил свою работу сохранению памяти своего прадеда – Героя Советского Союза М.П. Галина. Константин не только описал подвиг прадеда, но и разработал проект Аллеи Памяти.

Для сотрудников Лисаковского музея интерес представили детские проекты, раскрывающие историю аулов: Наурызбая, Кызылжара, переселенческих сел: Валерьяновки, Новоильиновки, Смайловки.

Юных исследователей сегодня интересуют даже такие сложные проблемы, как сохранение и развитие национального самосознания малых этнических групп в Казахстане (Е.Рецлова, Глебовская сш, п.Глебовка, Денисовский район).

«Отан - отбасынан басталады…» - так назвал свою работу Бекжан Кенесбаев (сш № 1, г.Рудный), отвечая на главный вопрос. Действительно, родина начинается с родного очага, с уважительного интереса к своим корням.

^ Ю.Буданова, заместитель директора

музея по научной работе

_________________________________________________________________________

*Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.1, кн.1.М.-Л., 1946, с.65

Содержание.

Предисловие ……………………………………………………………………………... 3
История городов и сел Костанайской области

1.Кеңесбаев Б.

«Отан - отбасынан басталады»……………………………………………………………………………….6-7

2. Соколова В. «Верность земле предков»

(Запись беседы со старожилом п.Октябрьский К.Ж. Наурызбаевым……………...7-11

^ 3.Сакетов Д., Галиев Д., Яременко С., Зайнулина А.

«Летопись села Новоильиновки»……………………………………………………11-15

4.Горбачевская А.

«Немецкому поселению Смайловке – 105 лет»……………………………….........15-18

^ 5.Куроченко А.

«История Крымской школы»………………………………………………………...18-21

6.Бинеева Г.

«Мое село родное» (Поселок Валерьяновка. Страницы истории)...........................21-26

7.Кван Я. «Вклад корейской диаспоры в развитие экономического

и духовного потенциала Республики Казахстан»…………………………………..26-30

8. Қазыбаева Г.

«Берекелі де бай өлке».................................................................................................30-35

9. Уткина И.

«Прикоснись к истории родного края».......................................................................35-38

^ 10. Нұрмағамбетова А. «Облыстың демалыс орындары мен

туризм дамуының қазіргі жағдайы»…………............................................................38-45
65 –летию Великой Победы посвящается.

11. Хамзина З.

«...А завтра была война»...............................................................................................45-48

12. Кузнецов К.

«Доброе дело в память о Великой победе»................................................................48-51

13. Мельников Н.

«Великая Отечественная война в судьбе нашей семьи»..........................................51-54
«Стала судьбой целина...»
14. Сероус Л. «Героическая целинная эпопея моей малой Родины.

История станции Тобол»..............................................................................................54-60

15. Кривун Л.

«Стала судьбой целина»...............................................................................................60-66

16. Олейников Е.

«Мои земляки - первоцелинники»..............................................................................66-71
«Имя в истории»
^ 17. Елибаев Т., Жупар А. «Человек не сдается»

(В.А. Сапа –видный ученый, заслуженный деятель РК, уроженец села Успеновки).....................................................................................................................71-79

^ 18. Нургожина М., Дуйсенбаева Г.,

«Имя улицы моей»........................................................................................................79-84

19. Токпанова С.

Имена наших современников в названиях улиц города Житикары........................84-88

20. Саукынбай А., Суйментай Г.

«Жагипар Акбасов – степняк-первоцелинник».........................................................88-92
«Культура Казахстана»
^ 21. Кириченко В. Сохранение и развитие национального

самосознания малых этнических групп в Казахстане..............................................92 -99

22. Елимбаев Е.

Колыбель-одна из составляющих этнокультуры народа........................................99-102

23. Қыпшақбаева Д.

«Халық ақыны Омар Шипиннің түғанына 130 жыл»............................................102-104

^ 24.Кужахмет М. «Бекет Өтетілеуовтің Крылов мысал

жанрын аударудағы ақындық шеберлігі»..............................................................104-109




  1. ^ История городов и сел Костанайской области


«Отан-отбасынан басталады»

Бекжан Кеңесбаев, 3 сынып оқушысы

Жетекші: Р.Қ.Молдабаева

«№1 орта мектебі» ММ

Рудный қ.

Кіріспе.

Отанды сүю-өмірлік мұратым. Отанды сүюді өз отбасымнан бастап үйрендім.

Мақсаты: Отанды тану. Оны жете біліп,қадір-қасиетін ұғу,тарихын өткен жолын,қиындық мехнаттарын,рухын,тар жол тайғақ кешулерін көз алдымнан өткізіп,жаныммен сезе білу, жерін,суын, даласын,тауын қорғау.

Шығармашылықтың негізгі болжауы: ХҮ ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық.Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады.Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен-қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдап шабуыл жасап,қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып,ақтабан шұбырынды болды.Жұрт Алқа көлге аялдап,қасиетті Қара тауға бас сауғалады.Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.Сол кезде қазақ халқының көкірегіне шер толып,Туған жерінен,елінен,жұртынан айрылған Жоңғарлар шапқыншылығы, тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалды емес пе?

Қаратаудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара түнді жамылып қалың қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауын қанатын кескен еді.

Шылғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өткен еді.

Оларды бірлікке Төле би ата шақырды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды.Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді.Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап,көшуге мәжбүр болды. Мұның ізі 1941-1945 жыл алапат соғысқа ұласты.

Міне осы қуғын-сүргіннің, алапат соғыстың салдарынан біздің ата-бабаларымыз бас сауғалап кетті. Біздің ата-бабаларымыз Өзбекстан Республикасы Навойы облысы Үшқұдық ауданында қоныстанып қалған.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алды.

2005 жылы біз Қазақстан Республикасына қоныс аударып келдік. Себебі: ата-бабаларымыз осында туып өскен. Осы себепті мен өз Отанымды-Қазақстан деп білемін.

І-тарау. Туған жерім-Өзбекстан. Адам баласы өмірге келген кезде алғаш ата-анасын көрсе, өсе келе туған жерін, айналасындағы ағайын-туыс, бауырларын таниды. Адамзат баласы үшін туған жері Отанынан артық байлық жоқ. Сол сияқты менде өзімнің туған жерім туралы баян еткім келеді.

Мен 2000 жылы 11-мамырда Өзбекстан Республикасы, Навойы облысы, Үшқұдық қаласында дүниеге келдім. Екі жарым жасқа дейін ана тәрбиесінде болдым. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап, №3 балалар бақшасына барып, көптеген балалармен араласып тәрбиешілердің берген көптеген тәрбиелерін үйрендім. Осы кезден бастап мен туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті үйрендім. Туған жерге деген ыстық ықыласымды мына бір өлең жолымен білдіргім келеді:

Елім деймін, жерім деймін туған жерді,

Мәңгілік сүйіп өтем туған елді.

Түсімде де, өңімде де көремін мен,

Кіндік қаным тамған жерім-Үшқұдығым.

Мен 5 жасыма дейін Үшқұдық қаласында тұрдым.

Өзбекстан табиғатына тоқталсам: жазы жайдарлы ыстық. Наурыз айы келгенде айналаның барлығы жасыл желекке бөленіп қала гүлденіп тұрады.

Өзбекстан Республикасы 1991 жылы 1-қыркүйекте өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болды. Өзінің ел басы, рәміздері бар.

Елбасы: Ислам Абдуғаниевич Каримов.Туы, елтаңбасы, ән ұраны бар.

Өзбекстанда да біз өте жақсы тұрдық.Біздің Қазақстанға келу мақсатымыз біздің ата-бабаларымыз осы Қазақстанда туып өскен.Сонау ХҮ ғасырдағы аласапыран заманда бас сауғалап қашып,өз Отандарын тастауға мәжбүр болды.Бірақ та өздерінің туған мекені,Отаны Қазақстан екенін өздерінің келешек ұрпақтарына ескертіп кеткен.

Біз осы ата-бабамыздың туған жеріне,біздің негізгі Отанымыз Қазақстан деп Қазақстан Республикасына 2005 жылы шілде де қоныс аударып келдік.

Қазақстан тарихы.

Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы

«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған.1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.Қалың халық Оңтүстікке қарай босты.Бірақ олар бұдан да асқан жауыздың нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген де жоқ.

«Ақтабан шұбырынды» сыртқы жаудың басқыншылық шабуылының салдары болса,отызыншы жылдар ойраны қаскөйліктің екі тізгін бір шылбырын ұстаған ішкі социализмнің голощекиншіл ұрпақтардың асыра сілтеп,жасыра бүркеп жүріп қолдан жасалған зобалаңдарының кесірі еді.Бұл тарихымыздың ақтаңдағы емес,дамыл-дамыл еске алар,еске алған сайын бүгінді барлар,еренді ескертер жазылуы қиын қара жара. Бұл мың,

миллиондаған бейбақтар құрбан болған өткелсіз өткеніміздің құрдымы.

1941-1945 жылдың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып өтті. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір адамдай аттанды.

Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.

Олардың бұл өжеттілігін ұлтшыл,бетімен кеткендік қылып көрсетіп,қаншама қан төгілді.Яғни,1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.

Осы қиыншылықтарды кешіп 1991 жылы Қазақстан Республикасы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар.Осынау азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.Осынау азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.

1991 жылы Желтоқсанның бірінде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық» мемлекет деп жариялады.

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы 4-маусыда Меалекттік жалау қабылданып, 6-маусым күні күшіне енді.

1992 жылы 4-маусымда мемлекеттік елтаңбамыз қабылданды.

1993 жылы 12-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Қорытынды.

Қорыта айтайын дегенім «Отан-от басынан басталады» дегенде Отанды сүю,қорғауды қайдан үйренеміз?

Отан-менің ата-анам,

Отан-досым,бауырым.

Отан-өлкем астанам,

Отан-туған ауылым.

Отанын адам өзі тануы тиіс.Оны жете біліп,қадір қасиетін ұққанда,

тарихын, өткен жолын,тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде,суын,тауын,даласын қорғау Отанға деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Менің туған өлкем-кең байтақ Қазақстан.

Оның асқар таулары мен айдын шалқар көлдері,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менің ақ бесігім деп білемін.Сондықтан да мен оны ардақтаймын,шексіз сүйемін. Әрқашанда аялап,қорғап жүремін.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер,атамекен,

Биік тау,орман,тоғай көлімізді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы балалар үшін көптеген қолдаулар көрсетіп отыр.

Балалардың,жасөспірімдердің оқу-тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді.

Оқу-тәрбие ісінде назар аударылып отырған,тәрбие салаларының бірі-Отансүйгіштік тәрбие.Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді, әкелерім мен аталарым сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімді естен шығармаймын.

ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік,елімізде тыныштық болып егеменді елдігіміз ұзағына болсын!

Ел тарихы,жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлт пен бауырласып жетерміз,

Ақ,қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Осы зерттеу барысында Қазақстан Республикасында жасайтын барлық адамдарға,сыныптастарыма айтарым:

Қазақстан Республикасын,Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге міндеттіміз. Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық!Сонда ғана өз Отанымызды қорғай аламыз.

Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

«Бірлік бар жерде,тірлік бар»демекші бірлігіміз болса Отанымызды қорғай аламыз.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Бастауыш мектеп. 1999 жыл. №10.

  2. Бастауыш мектеп. 2000 жыл. №11-12.

  3. Бастауыш мектеп. 2005 жыл. №9.

  4. Сынып жетекші. 2007 жыл. №4.

  5. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясынан.

  6. Бастауыш мектеп журналдарынан мақалалар.

а) А.Аңсабаева №12 мектеп-гимназия.

ә) Р.Кәкітаева №5 гимназия. Алматы.

б) Қ.Қасымов. Жамбыл орта мектебі.

в) А.Намазбаева №88 орта мектеп. Алматы.

7. Сынып жетекші журналынан. Қ.Мұқан, Ә.Ахметов атындағы

орта мектеп.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие рефераты:

“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
...
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений имени И. И. Семченко
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы детских региональных краеведческих чтений
“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»
Лисаковский музей истории и культуры Верхнего Притоболья Управления культуры Костанайской области
«утверждаю» Директор гккп
С. Лепустин, Л. Крючкова «С чего начинается Родина…», музыкально-поэтическая композиция
«утверждаю» Директор гккп
С. Лепустин, Л. Крючкова «С чего начинается Родина…», музыкально-поэтическая композиция

Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Школьные материалы


При копировании материала укажите ссылку © 2013
контакты
referatdb.ru
referatdb.ru
Рефераты ДатаБаза