Методические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Астана 2009


НазваниеМетодические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Астана 2009
страница2/8
Дата публикации01.11.2013
Размер1.04 Mb.
ТипМетодические указания
referatdb.ru > Медицина > Методические указания
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 2-параграф. 1000 В дейінгі кернеу
45. Зардап шеккенді 1000 В дейінгі кернеулі тоқ өткізетін бөліктен немесе сымнан босату үшін электр тоғын өткізбейтін затты қолданады. Оны (егер ол құрғақ және денеден шешілетін болса) киімінен мысалы, қоршалған металл заттармен және зардап шеккеннің киімі жоқ жерлерімен жанасуын болдырмай пенжектің немесе пальтоның өңірінен, жағасынан тартып алуға болады.

46. Зардап шеккенді аяғынан тартып, көмек көрсетуші оның аяқ киіміне немесе киіміне өзінің қолдарын жақсылап оқшаулағанға дейін қол тигізбеуі керек, себебі аяқ киім мен киім дымқыл және электр тоғын өткізуші болуы мүмкін.

47. Көмек көрсетуші қолдарын оқшаулау үшін егер оған зардап шегушінің киіммен жабылмаған денесіне қол тигізуі қажет болса, электр тоғын өткізбейтін қолғапты киеді немесе оны оқшаулағыш материалмен орайды, зардап шеккенге резеңке төсенішті, резеңке қосылған материяны (плашты) немесе қарапайым құрғақ материяны жабады. Ол өзін сондай-ақ резеңке төсеніштің, құрғақ тақтайдың немесе электр тоғын өткізбейтін төсемнің үстіне тұрып оқшаулай алады.

48. Зардап шеккенді тоқ өтетін бөліктен электр тоғын өткізбейтін қолғапсыз ажырату кезінде бір қолмен әрекет жасау ұсынылады.

49. Егер тоқ электр тоғы жерге зардап шегуші арқылы өтетін болса және ол қолында тоқ өтетін элементті қатты қысса, жоғарыда көрсетілген өзіне және зардап шегушіге қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып, тоқты ажырату, зардап шегушіні жерден оқшаулау оңай болады, сымдарды құрғақ ағаш сабы бар балтамен шабуға немесе оқшауланған сабы бар құрал-сайманмен (тістеуіктермен, қысқыштармен) кесіп тастауға болады. Сымдарды асықпай шабу немесе кесіп тасталады, яғни әр сымды бөлек шабу немесе кесу және мүмкіндігінше тоқ өткізбейтін негізде, ағаш баспалдақта тұру ұсынылады. Оқшауланбаған құрал-сайманды оның сабын құрғақ материямен орап, қолдануға болады.

^ 3-параграф. 1000 В жоғары кернеу
50. Зардап шеккенді кернеулігі 1000 В жоғары тоқ өтетін бөліктерден ажырату үшін, электрді өткізбейтін қолғапты және резеңке етіктерді кию және тиісті кернеуге есептелген штангалық немесе оқшаулағыш кемпірауыздармен әрекет жасалады.

51. Сонымен қатар, егер тоқ өткізетін бөлік (сым) жерде жатса, қадамның кернеулік қауіптілігі ескеріледі және зардап шегушіні тоқтың әсерінен босатқаннан кейін оны қауіпті аймақтан шығарылады.

52. Электро беріліс желілерінде, оларды қоректендіру бекеттерінен тез ажырату мүмкін болмаған кезде зардап шеккенді босату үшін егер ол сымдарға қатысты болса, оларға оқшауланбаған сымдарды тастау арқылы сымдардың қысқа тұйықталуы жүргізіледі.

53. Қысқа тұйықталу кезінде оның күйіп кетуін болдырмау үшін сымдардың жеткілікті қимасы болады.

54. Жиынтық жасау алдында сымның бір ұшы (жерге қосылатын құламаның металл тірегіне қосу) жерге қосылады.

55. Жиынтық жасау ыңғайлы болу үшін сымның бос ұшына жүк қыстырған дұрыс болады. Өткізгішті адамдарға, сонымен қатар көмек көрсетушіге және зардап шегушіге тимейтіндей етіп жиынтықталады.

^ 4-параграф. Көмек көрсету
56. Зардап шегушіні электр тоғының әсерінен босатқаннан кейін оның қал-жағдайы бағаланады Зардап шегушінің қал-жағдайын тез анықтаудың белгілері болып мыналар табылады:

1) есін анық, жоғалтқан, бұзылған (зардап шеккен есінен танған), абыржыған;

2) тері қабаты мен көрінетін шырыштардың (ерін, көз) түсі: қызғылт, көгерген, боз;

3) тыныс алуы: тұрақты, жоқ, бұзылған (дұрыс немесе, жеңіл, сырылды);

4) ұйқы күре тамырының соғылуы: жақсы сезіледі, (қалыпты немесе қалыпты емес), нашар сезіледі, сезілмейді;

5) қарашықтары: жіңішке, ашық.

57. Белгілі бір деңгейде машықтанған көмек көрсетуші өзін-өзі ұстай білетін болса 1 минут ішінде зардап шегушінің қал-жағдайын бағалауға және оған қандай көлем мен тәртіп бойынша көмек көрсету қажеттігін анықтай алады.

58. Тері қабатының түсі мен тыныс алуын (көкірек қуысының көтерілуі мен түсуінен) көріп бағалайды. Ауыз бен мұрынға жылтырақ металл заттарды қойып алатын уақытты бос кетірмейді. Сонымен қатар, есін жоғалтуды көріп бағалайды және нақты көз жеткізу үшін қал-жағдайы туралы сауал қоюға болады.

59. Ұйқы күре тамырының соғылуын қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарының ұштарымен мойынына жұтқыншақ «көмекей жұмыры» пен иілгіш бұлшық еті арасына қою және омыртқаға ақырын ғана басу арқылы сезеді. Ұйқы күре тамырының соғылуын анықтау тәсілдерін өзіне немесе өзінің жақындарына істеп көруге болады.

60. Қарашықтардың жалпақтығын көздері жабық кезде мынадай тәсілдермен анықтайды: сұқ саусақтың ұштарын екі көздің үстіне қояды және оларды ақырын ғана көздің алмасына қарай баса отырып, жоғарыға көтереді. Мұндай жағдайда көздің саңылауы ашылады және ақ қабатында дөңгелек мөлдір қабық, ал оның дөңгелек формасының ортасында қара қабыршық көрінеді. Оларды мөлдір қабықта қанша орын алатынына (жіңішке немесе жалпақтығына) қарай бағалайды.

61. Есін жоғалту дәрежесін, тері қабатының түсін және тыныс алу жағдайын 1 минуттан аспайтын уақытты алатын тамырды ұстау арқылы бір мезгілде анықтауға болады. Қарашықтарды бірнеше секунд ішінде қарауға болады.

62. Егер зардап шеккен есін жоғалтса, тыныс алмаса, тамыры соқпаса, тері қабаты көгерген, қарашықтары (диаметрінде 0,5 см) жалпақ болса оны өлім аузында жатыр деп есептеуге болады және дереу «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілімен қолдан дем алдырудың және жүректі сыртынан массаждаудың көмегімен ағзаны тірілтуге кіріседі. Зардап шеккенді шешіндіріп, уақытты жоғалтудың керегі жоқ.

63. Егер зардап шегуші өте сирек және терең дем алса, бірақ оның тамырының соғылуы сезілсе, дереу қолдан дем алуды бастайды. Қолдан дем алдыру кезінде зардап шеккеннің көлденең жатуы міндетті емес.

64. Тірілтуге кірісіп, дәрігердің немесе жедел медициналық көмектің шақырылуы қамтамасыз етіледі. Мұны көмек көрсетуші емес, басқа тұлға істейді.

65. Егер зардап шегуші есінде болса, тұрақты дем алып және тамырының соғылуы сақталса бірақ оған дейін талып жығылған немесе ессіз жатса оны киімнен жасалған төсенішке жатқызады; дем алуына кедергі жасайтын киімін шешіп; таза ауаның берілуін қамтамасыз етіп, егер денесі салқын болса жылытып; ыстық болса, салқындауын қамтамасыз етіп, тамырының соғуын және дем алуын үздіксіз бақылап отырып, толық тыныштық сақтап; артық адамдарды шығарып жібереді.

66. Егер зардап шегуші ессіз жатса оның тыныс алуы бақыланады және тілінің артқа кетуіне байланысты тыныс алуы бұзылса саусақтармен төменгі жақты алдыға қарай жылжытып және тілдің артқа кетуі орнына келгенге дейін осы қалыпта ұсталады.

67. Зардап шегуші құсып бастаған кезде оның басы мен иығын құсықтық массаны шығару үшін солға бұрады.

68. Зардап шеккенге қимылдауға, тіпті жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмейді. Өйткені электр тоғының әсерінен алынған көзге көрінетін ауыр зақымдардың немесе басқа себептердің (құлаулардың) болмауы оның қал-жағдайының кейінірек бұзылуын жоққа шығармайды. Зардап шегушінің денсаулығы туралы мәселені тек дәрігер ғана шеше алады.

69. Зардап шеккенді тек оның немесе оған көмек көрсететін тұлғаға қауіп төну одан әрі жалғасса немесе сол жерде (мысалы, тіректе) көмек көрсету мүмкін болмаған кезде басқа орынға ауыстырылады.

70. Зардап шеккенді жерге көмуге рұқсат етілмейді, себебі бұл оған тек зиян келтіреді және оны құтқаруға жұмсалатын алтын минуттардың өтуіне әкеп соғады.

71. Найзағаймен зақымданған кезде электр тоғымен зақымданған кездегідей көмек көрсетіледі.

72. Оқиға орнына дәрігерді шақыру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу қамтамасыз етіледі. Зардап шегушіні тек тыныс алу қанағаттандыратын және тамыры тұрақты соғатын кезде мүмкін болады. Егер зардап шегушінің қал-жағдайы оны тасымалдауға болмайтын болса, онда оған көмек көрсету жалғастырылады.

^ 5-тарау. Жасанды дем алдыру
73. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.

74. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тәсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылығы анықталған. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.

75. Жасанды дем алдырудың бұл тәсілі үрлегеннен кейін кеуде қуысын кеңейтуге және жәй дем шығару нәтижесінде оның сәйкес келуі зардап шегушінің өкпесіне ауаның түсуін оңай бақылауға мүмкіндік береді.

76. Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.

77. Жасанды дем алдыруды бастар алдында бірінші кезекте арқасында ессіз жатқан кезде артқа кеткен тілмен жабық болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының өту жолдарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.

78. Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с (минутына 12 дем алу циклін) құрайды.

79. Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.

80. Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің «төс шеміршегі асты» кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. Мұндай жағдайда құсық пайда болуы мүмкін, онда зардап шегушінің басы мен иығын оның аузы мен жұтқыншағын тазалау үшін бір жағына бұрады.

81. Егер ауаны үрлегеннен кейін кеуде қуысы керілмесе, зардап шегушінің төменгі жағын алға қарай итереді. Бұл үшін екі қолдың төрт саусағымен төменгі жақты екі жағынан қысып, бас бармақпен ауыздың төменгі бұрыштарына салмақ сала отырып, оны тартады және төменгі тістерінің үстіңгі тістердің алдында болатындай етіп, жақты алдыға тартады.

82. Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыруды жасайды.

83. Егер жазатайым оқиға люлькада, тіректе немесе діңгекте орын алса зардап шегуші өздігінен дем алмаса және тамыры соқса қолмен дем алдыруды отырған жерінде немесе тік қалпында жасауға болады. Мұндай кезде зардап шегушінің басын барынша артқа шалқайтады немесе төменгі жағын алдыға қарай тартады. Қалған тәсілдер дәл солай.

84. Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оған соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес және барынша баяу болады.

85. Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең және өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.

86. Егер тыныс алумен қатар ұйқының күре тамыры да сезілмесе, қатарынан екі қолмен дем алдыру жасалынады және жүрек сыртына массаж жасауға кіріседі.

^ 6-тарау. Жүрек сыртына массаж жасау
87. Зардап шегушінің тек тыныс алуы ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету кезінде бір ғана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.

88. Адамның жүрегі көкірек қуысы мен омыртқа жотасы арасында орналасқан. Төс сүйек – жылжымалы жалпақ сүйек. Адам арқасында (қатты заттың үстінде) жатқан кезде омыртқа қатты жылжымайтын негіз болып табылады. Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Егер төс сүйекті соққы түріндегі қимылдармен басса, қан жүрек қуысынан оның қалыпты жұмысы кезіндегідей шығады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.

89. Осы шаралардың жиынтығы реанимация (яғни ағзаны тірілту) деп, ал шараларды – реанимациялық деп атайды.

90. Реанимациялық шараларды жүргізу қажеттілігінің көрсеткіші мынадай белгілер: тері қабатының бозыңқырауы немесе көгеруі, есін жоғалту, ұйқы күре тамырының соқпауы, демалуының тоқтауы немесе терең дұрыс дем алмауы тән болып жүрек қызметінің тоқтауы табылады. Жүрек тоқтаған кезде бір секундты да кетірмей зардап шеккенді тегіс қатты жерге: орындықтың, еденнің, болмаған жағдайда арқасына (иығы мен мойынының астына жұмсақ жастық қоюға рұқсат етілмейді) тақтай қойып жатқызады.

91. Егер көмекті бір адам көрсетіп жатса, ол зардап шеккеннің жанына орналасады және еңкейіп екі рет жігерлі түрде («ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі бойынша) үрлейді, содан кейін кеудесін көтеріп, зардап шеккеннің жанында отырып, төс сүйегінің төменгі жағына саусақтарын көтере бір қолының алақанын қояды. Екінші қолының алақанын бірінші алақанының үстіне көлденең немесе жанына қойып, денесімен ырғағымен септігін тигізе отырып, басады. Басу кезінде қолдың шынтағы бүгілмейді.

92. Басуды жылдам төс сүйекті 4-5 см итере отырып, басу ұзақтығы 0,5 с аспайтындай, бөлек басу арасындағы ұзақтық 0,5 с кезде жүргізіледі. Үзіліс жасаған кезде қолды төс сүйектен алмайды, саусақтары түзу қалпында болып, қолдың шынтақтары бүгілмейді.

93. Егер тірілтуді бір адам жүргізсе, әр екі үрлеуге ол 15 рет төс сүйекті басады. 1 минут ішінде кемінде 60 рет төс сүйекті басу және 12 үрлеу, яғни 72 іс-әрекет жасалады. Сондықтан реанимациялық шаралардың шапшаңдығы жоғары болады. Тәжірибе көрсеткендей көп уақыт қолмен дем алдыруға жұмсалады: үрлеуді созбайды: зардап шеккеннің көкірек қуысы кеңітілгеннен кейін үрлеуді тоқтатады.

94. Реанимацияны жүргізуге екі адам қатысқан жағдайда «дем алдыру мен массаж» қатынасы 1:5 құрайды. Жасанды дем алдыру кезінде жүрек сыртына массаж жасаушы төс сүйекті баспайды, себебі басу кезіндегі күш салу үрлеуге қарағанда артық болады (үрлеу кезінде басу қолмен дем алдырудың нәтижесіз, яғни реанимациялық шаралардың болуына әкеліп соғады).

95. Егер реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілсе тері қабаты қызғылттанып, қарашықтары жіңішкереді, өздігінен дем алу қалпына келеді. Егер массаж жасау кезінде басқа адам ұйқы күре тамырының соғуын бақыласа онда ол анық сезіледі. Жүректің қызметі қалпына келтірілгеннен және тамырдың соғуы анық сезілгеннен кейін, жүрек сыртына массаж жасауды дер кезінде тоқтатады, зардап шегуші нашар дем алған кезінде қолдан дем алдырудың қалыпты және қолмен дем алдыруы сәйкес келетіндей етіп жалғастырылады. Сондай-ақ, қалыпты өздігінен дем алу қалпына келтірілген кезде қолмен дем алдыруды тоқтатады. Егер жүректің қызметі немесе өздігінен дем алу қалпына келтірілмесе, реанимациялық шараларды жүргізу тиімді болса, оларды зардап шегушіні медицина қызметкерінің қолына тапсырғаннан кейін ғана тоқтатуға болады. Жасанды дем алдыру мен жүрек сыртына массаж жасаудың тиімділігі болмаған кезде, (тері қабаты көгерген-күлгін түсті болса) қарашықтар жалпақ, массаж жасау кезінде тамырдың соғуы сезілмесе реанимациялық шараларды жүргізуді 30 минуттан кейін тоқтатады.

96. 12 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін реанимациялық шаралардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бір жастан он екі жасқа дейінгі балаларға жүрек сыртынан массаж жасау бір қолмен және жасына қарай минутына 70-100 дейін төс сүйегін басу, бір жасқа дейінгі балардың көкірек ортасын екі (екінші және үшінші) саусақпен минутына 100-120 басу арқылы жүргізіледі. Үрлеу көлемін баланың жасына байланысты жүргізеді. Жаңа туылған балаға үлкен адамның ауыз қуысындағы ауа көлемі жеткілікті болады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие рефераты:

Методические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Глава Общие положения
Комитету по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям...
Программа по подготовки Life wrestling. Занятие №1 «Основы оказания первой медицинской помощи»
Роль первой медицинской помощи (пмп) в «цепи» оказания медицинской помощи раненым, пострадавшим, больным
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим №
Основными условиями успеха при оказании первой помощи пострадавшим от электрического тока и при других несчастных случаях являются...
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим при обслуживании...
«Аптечки медицинские, медикаменты, сумки первой помощи» способом запроса ценовых предложений
Занятие 1 Виды медицинской помощи, оказываемой населению при чрезвычайных...
В современной системе оказания медицинской помощи и лечения населения существуют следующие виды медицинской помощи
Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством...
Опвп при приведении его в готовность, выдвижении к очагу поражения и в ходе оказания первой врачебной помощи
«правила оказания первой медицинской помощи. Способы реанимации оживления...
Медицинскими работниками (иными гражданами) или самим пострадавшими. Одним из важнейших положений оказания первой медицинской помощи...
Постановление Правительства Республики Казахстан Астана, y к I мет...
Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих)...
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим
При поражении электрическим током смерть часто бывает кажущейся, вследствие чего решить вопрос о целесообразности или бесполезности...
Учебный Центр профессионального развития тоо «ЮлАнИл» ценовое предложение...
Основная цель учебного курса "Подготовка лиц по оказанию доврачебной медицинской помощи" – научить правильно и быстро оказывать первую...

Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Школьные материалы


При копировании материала укажите ссылку © 2013
контакты
referatdb.ru
referatdb.ru
Рефераты ДатаБаза