Методические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Астана 2009


НазваниеМетодические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Астана 2009
страница3/8
Дата публикации01.11.2013
Размер1.04 Mb.
ТипМетодические указания
referatdb.ru > Медицина > Методические указания
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 7-тарау. Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек
97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;

жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;

жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;

жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.

99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.

100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.

101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод тұнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рұқсат етілмейді.

102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.

^ 8-тарау. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек

1-параграф. Қан кетулердің түрлері
103. Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады.Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:

капиллярлық – сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;

күре тамырлық – терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;

артериялық – терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;

аралас – жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.

^ 2-параграф. Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату
104. Қан кетуді тоқтату үшін:

жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;

қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;

қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды.

105. Жарақат орнына «суық» (мұз, қар салынған немесе суық су құйылған резеңке қапшық, суық басуларды) басады.

^ 3-параграф. Қанның кетуін саусақтармен тоқтату
106. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.

107. Жарақаттардан қанның кетуін:

беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;

шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;

бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;

қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;

білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;

қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы;

жіліншіктегі - жіліншік астындағы артерияны басу арқылы;

сан жамбастағы – сан жамбас артериясын жамбас сүйектеріне қарай басу арқылы;

табандағы - табанның ішкі жағындағы артерияны басу арқылы тоқтатады.

^ 4-параграф. Аяқ-қолдан қан кетуді

оны буындарды бүгу арқылы тоқтату
108. Егер аяқ-қол сынбаған болса, аяқ-қолдағы қан кетуді буындарды бүгу арқылы тоқтатуға болады.

109. Зардап шеккеннің жеңін немесе шалбарын түріп, және қандайда бір материалды түйіп, оны буынды бүккен кезде пайда болатын жарақаттан жоғары орналасқан ойық жерге қойып, сосын түйін үстіндегі буынды қатты күшпен басады. Мұндай кезде жарақатқа қан беретін бүгілген жердегі артерия басылады. Осы аяқ немесе қол бүгілген қалыпта зардап шегушінің денесіне байлайды немесе таңады.
^ 5-параграф. Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату
110. Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.

111. Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.

112. Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.

113. Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.

114. Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.

115. Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау салынады.

116. Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың соғуы бойынша тексереді. Егер оның соғылуы сезілсе, онда бұрау дұрыс салынбаған және оны алып қайта салады.

117. Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соғады.

118. Салынған бұраудан болатын сыздаудың соншалықты ауыр болатындығына байланысты уақытша бұрауды шешуге тура келеді. Мұндай жағдайларда бұрауды шешу алдында қан ағып жатқан артерияны саусақтармен басу және зардап шегушінің дем алуына, аяқ-қолға біршама қанның баруына мүмкіндік береді. Содан кейін бұрауды қайта салады. Бұрауды біртіндеп және ақырын босатады. Егер зардап шегуші бұраудың әсерінен болған сыздауға шыдайтын болса да, бір сағаттан кейін оны 10-15 минутқа шешеді.

119. Егер қол астында резеңке лента (бұрау) болмаған кезде аяқ-қолды созылмайтын материалдан: галстуктан, белдіктен, ширатылған орамалдан немесе сүлгіден, жіптен, белбеуден және тағы басқа жасалған орап бұрау арқылы тартуға болады.

120. Орап бұрауға пайдаланылатын материал жұмсақ (мысалы бірнеше қабат бинтпен) жабылған тартылатын аяқ-қолдың айналдыра өткізіледі және аяқ-қолдың сырт жағынан түйінделіп байланады. Осы түйінге немесе оның астына таяқша түріндегі қандайда бір зат салынады, ол қан тоқтағанға дейін бұралады. Жеткілікті дәрежеге дейін таяқшаны бұрап, өздігінен тарқатылып кетпеуі үшін оны бекітеді.

121. Бұрауды салғаннан немесе орап бұрауды жасағаннан кейін оны салған уақыт көрсетілген жазба жасайды және оны бинт немесе бұрау астындағы оралған жерге салынады. Аяқ-қолдың терісіне жазуға да болады.

122. Мұрыннан қан кеткен кезде зардап шегушіні отырғызып, басын алдыға қарай еңкейтіп, ағып жатқан қанның астына ыдыс қойып, оның жағасын ағытып, мұрын қырына салқын басып, 3 % сутегі тотығына суланған мақта немесе бинттің бөлігін мұрынға салып, саусақтарымен 4-5 минутқа мұрын қанаттарын қысады.

123. Ауыздан қан кеткен (қанды құсқан) кезде зардап шегушіні жатқызу және дереу дәрігер шақырылады.

^ 9-тарау. Күйіп қалған кездегі алғашқы көмек

1-параграф. Жалпы мәліметтер
124. Оттың, будың, ыстық заттар мен бұйымдардың, химиялық қышқылдар мен сілтілердің және электр тоғының немесе электр доғасының электрлік әсерінен болатын термиялық күйіктер болады.

125. Терең болуы бойынша барлық күйіктер: бірінші – терінің қызаруы мен ісінуі; екінші – сулы күлдіреуі; үшінші – терінің үстіңгі және астыңғы қабаты жансыздануы; төртінші – терінің қабынуы, бұлшық еттердің, сіңірлер мен сүйектердің зақымдануы болып төрт деңгейге бөлінеді.

^ 2-параграф. Термиялық және электрлік күйіктер
126. Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді.

127. Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді.

128. Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мистикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады.

129. Көлемі бойынша үлкен емес бірінші және екінші деңгейдегі күйік кезінде терінің күйген учаскелеріне стерилденген таңғышты салуға болады.

130. Күйген жерден киім мен аяқ-киімді тартып шешуге рұқсат берілмейді, оны қайшымен кесіп, абайлап шешіледі. Егер күйген киімнің бөліктері күйген жерге жабысып қалса, оның үстінен стерилденген таңғышты салу және зардап шеккенді емдік мекемеге жібереді.

131. Ауыр және көлемді күйік алған кезде зардап шегушіні таза ақ жаймаға немесе матаға орап, оны шешіндірмей, жылырақ үстін жауып, жылы шай беру және дәрігер келгенге дейін оған тыныштықты қамтамасыз етеді.

132. Күйген бетті стерилденген дәкемен жабады.

133. Көз күйік алған кезде бор қышқылы (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан қышқыл) ерітіндісінен суық басу және зардап шегуші дереу дәрігерге жіберіледі.

^ 3-параграф. Химиялық күйіктер
134. Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайтады. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр шек арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі суық көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.

135. Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесу және зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.

136. Адамның денесіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.

137. Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.

138. Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйік кезіндегідей.

139. Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стакан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған баса (таңғыш) қойылады.

140. Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.

141. Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.

142. Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стакан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.

143. Егер көзге химиялық заттардың қатты бөлшектері түссе, олар алдымен сулы тампонмен алынады. Себебі, сумен жуу кезінде олар шырышты қабығын зақымдауы және қосымша жарақат жасауы мүмкін.

144. Қышқыл немесе сілті асқазанға түскен кезде дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін зардап шеккеннің аузынан түкірік пен шырышты шығару, жатқызып оның үстін жылығып жабу және ішіне сырқырап ауырғанды азайту үшін «суық» нәрсе қойылады. Егер зардап шегуші тұншығып жатса, оған «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыру жасалынады, себебі ауыздың шырышты қабығы күйіп қалған.

145. Құсу арқылы асқазанды сумен шаюға немесе асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні залалсыздандыруға рұқсат етілмейді. Егер зардап шегушінің құсқысы келсе оған үш стаканнан артық емес суды ішуге беруге болады. Осылайша асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні араластыра отырып, оның күйдіру әсерін азайтады. Сүт, жұмыртқа белогын, өсімдік майын, ерітілген крахмалды ішкен жақсы септігін тигізеді.

146. Тері айтарлықтай күйген, сондай-ақ қышқыл немесе сілті көзге түскен кезде алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні дереу емдік мекемеге жібереді.

^ 10-тарау. Үсіген кездегі алғашқы көмек
147. Төмен температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.

148. Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үскен жерлерін дереу жылытумен байланысты, бұл үшін зардап шегуші мүмкіндігінше жылы жерге жеткізіледі. Алдымен, дененің үскен жерін жылытып, ондағы қан айналымы қалпына келтіріледі. Егер үскен аяқ-қолды 20°С температурадағы жылы ваннаға салса, бұл ең тиімді және қауіпсіз болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 40°С көтереді және аяқ-қолды кірін кетіру үшін мұқият сабынмен жуады.

149. Ваннадан (жылытқаннан) кейін зақымдалған учаскелерді кептіріп (сүртіп), стерилденген таңғышпен жабады және жылы орайды. Оларға май мен маз жағуға рұқсат етілмейді, себебі бұл оны кейін өңдеуді айтарлықтай қиындатады. Дененің үсіген жерлерін қармен сүртуге рұқсат етілмейді, себебі мұндай жағдайда дененің үсу артады, ал мұздақтар тері зақымдандырады, бұл үскен жерді инфицирлануына (қағынуына) септігін тигізеді; үскен жерлерді сондай-ақ қолғаппен, матамен, бет орамалмен уқалауға рұқсат етіледі. Қолдың не аяқтың ұшынан денеге қарай таза қолмен массаж жасауға болады.

150. Дененің бөлек учаскелері (мұрын, құлақ) үскен кезде алғашқы көмек көрсетушіге қолының ыстығымен жылытуына болады.

151. Алғашқы көмек көрсету кезінде зардап шегушіні жалпы жылыту шаралары аса маңызды болып табылады. Оған ыстық кофе, шай, сүт береді. Зардап шегушіні дер кезінде емдік мекемеге жеткізу, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету болып табылады. Егер санитарлық көлік жеткенге дейін алғашқы көмек көрсетілмесе, зардап шегушіні тасымалдау кезінде машинада көрсету қажет. Тасымалдау кезінде оның қайта үсуін болдырмау үшін барлық шаралар қолданылады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие рефераты:

Методические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим Глава Общие положения
Комитету по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям...
Программа по подготовки Life wrestling. Занятие №1 «Основы оказания первой медицинской помощи»
Роль первой медицинской помощи (пмп) в «цепи» оказания медицинской помощи раненым, пострадавшим, больным
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим №
Основными условиями успеха при оказании первой помощи пострадавшим от электрического тока и при других несчастных случаях являются...
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим при обслуживании...
«Аптечки медицинские, медикаменты, сумки первой помощи» способом запроса ценовых предложений
Занятие 1 Виды медицинской помощи, оказываемой населению при чрезвычайных...
В современной системе оказания медицинской помощи и лечения населения существуют следующие виды медицинской помощи
Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством...
Опвп при приведении его в готовность, выдвижении к очагу поражения и в ходе оказания первой врачебной помощи
«правила оказания первой медицинской помощи. Способы реанимации оживления...
Медицинскими работниками (иными гражданами) или самим пострадавшими. Одним из важнейших положений оказания первой медицинской помощи...
Постановление Правительства Республики Казахстан Астана, y к I мет...
Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих)...
Инструкция по оказанию первой помощи пострадавшим
При поражении электрическим током смерть часто бывает кажущейся, вследствие чего решить вопрос о целесообразности или бесполезности...
Учебный Центр профессионального развития тоо «ЮлАнИл» ценовое предложение...
Основная цель учебного курса "Подготовка лиц по оказанию доврачебной медицинской помощи" – научить правильно и быстро оказывать первую...

Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Школьные материалы


При копировании материала укажите ссылку © 2013
контакты
referatdb.ru
referatdb.ru
Рефераты ДатаБаза