Скачать 4.32 Mb.
|
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(6), 2011 ![]()
ЌАЗАЌ МЕМЛЕКЕТТІК ЌЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫЌ УНИВЕРСИТЕТІ ^ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ХАБАРШЫ ВЕСТНИК ФИЛОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ СЕРИЯ ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ ХАБАРШЫ / ВЕСТНИК ЄЫЛЫМИ ЖУРНАЛ ҒАЛЫМ ХАТШЫ ТӘРБИЕ – ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ БАСТЫ МІНДЕТ Сабырова З.Қ. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сатбекова А.А. – филология факультетінің деканы Халқымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атқанына да жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы өмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды. Тәуелсіздіктің тұғырын бекітуге жұмылған халқымыз жасампаздықтың жарқын жолдарына соныдан соқпақ тартып, қоғамдық дамудың өзіндік өзгерістерін жасай білді. Тәуелсіздікпен ілесе келген игіліктер қаншама. Соның бірі де бірегейі – Астананы Сарыарқаға көшіруі деу орынды. Бұл әсте де оңай бола қойған жоқ. Осы туралы университетіміздің ректоры, Парламент Мәжілісінің депутаты болған Д.Ж. Нөкетаеваның 2010 жылдың 9 маусымында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жүректің сөзі» атты мақаласында «...Көк байрағымызды Отанымыздың кіндігіне тігу ердің ерінің ғана қолынан келер тәуекел еді. Арқа бағзы заманнан қазақтың ата қонысы болған кең жайлауы еді. Елбасы халқын сол жайлауға бастады. Бүгінде сол Арқаның төрінде Ақордамыз орнап, Көк туымыз желбіреп, Есілге жағалай ел қонып, ел ішіне мал толып отырған дәулетті де сәулетті, бақ-берекелі астаналы болған жайымыз бар. Астана – Тәуелсіздіктің символы, халқымыздың мақтанышы! Отанымыздың жүрегі, біздің ұлттық идеямыз, болашаққа бағдарымыз. Өзінің тарихи миссиясын қапысыз ұғып, ұлтымызды ұлы істерге бағыттаған Тәуелсіздікті баянды ету, Қазақстанды алыс және жақын елдерге таныту, нарық реформаларын жүргізу, он жылда осы дәуірдегі озық үлгідегі Астана қаласын дүниеге әкелу – біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерлігі десек, Елбасы мен Астана екеуін ешкім де бөліп қарай алмайды. Бұл тарих еншісіне тиген ақиқат», – деп орынды атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын жетілдіру мен дамыту Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын жан-жақты қолдауы мен адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін жете түсінуі нәтижесінде қолға алынуда. Оған дәлел білім беру саласының «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму жоспарының басым бағыттары болып белгіленуінде. Білім беру саласындағы болып жатқан жетістіктер мен жаңалықтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жете көңіл аударып, жан-жақты қолдау көрсетуі мен бастамалары арқасында жүзеге асып жатқанын ерекше атап айтқан жөн. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсіну, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан, осы салаға барынша ыждаһаттылықпен қолдау көрсету – асқан болжампаздықтың белгісі. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Бұл ретте «Қазақстан – 2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты»,– деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» – деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Бұл орайда Н.Ә. Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, «Балапан» арнайы бағдарламасы, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды бірқатар соны іс-шараларды саралап алға қойды. Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады. Олар: біріншіден, адамдар өмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, дамытып отырады; екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен қатар, қат-қабат іске асырылады. Былайша айтқанда, білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің талабына сай жұмыс істеуге бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің өзінде бізге байқалып келеді. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып еептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек қателеспейміз. Ол – қоғам дамуының кепілі. Білім беру саласында алға ұмтылмай, артта қалу мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттың келешегіне кері әсер етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: «Елімізге экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың талап-тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет», деп атап өткен еді. Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес, қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуін талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, азаматтық қоғам орнату талаптары тұрғысынан қарап, өзгермелі қоғамда көп мәдениетті, көпұлтты, әрі көпконфессионалды кеңістікке араласуға дайын, кез-келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама- қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті , көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады. Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды. Еліміз халықаралық қауымдастық шеңберіндегі мемлекеттермен иық тіресіп, әлемдік өркениет сапына бой түзеген қазіргі кезең жұрт болып ақылдасып, көп болып шешуге тиісті жайттарды алға тартып отыр. Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады. Осы ретте республикамыздағы жоғары білімнің қара шаңырағы саналатын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жоғары білімді кәсіби мамандар даярлау ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбие негізінде білім берудің қазіргі заманғы инновациялық технологияларына құрылған күрделі құрылымды оқу-тәрбие ісі арқылы жүзеге асырылатынын атап өткіміз келеді. 67 жылдық бай тарихы бар қазақ қыздарының парасат мектебіне айналған университетте оқу ісі мен тәрбие мәселесі ұлттық кадрларды даярлау ісімен тығыз байланыстырылып келеді. Уақыттың талай сынынан сүрінбей өткен оқу ордасы қазіргі таңда да жаңа заман талаптарына сай жан-жақты кәсіби дайындыққа ие, қоғам сұраныстарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісімен айналысып келеді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі тәрбие ісінің саясаты іргелі дайындығымен ерекшеленетін, кең өрісті базалық және кәсіби мәдениетке бағытталған, білім мен ғылымның тұтастығына құрылған университеттік білімді сақтаумен шығармашылық тұрғыдан дамытуға негізделген. Университеттің педагогикалық ұжымы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру ісіне ғана емес, олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік қасиеті мен ұлттық ұжданын да қатар тәрбиелеуге баса назар аударады. Соған орай оқу орындағы тәрбие ісінің стратегиялық түпкі мақсаты ел болашағын жасар маманның кәсіби, интеллектуалдық және әлеуметтік тұрғыдан жетілуіне жағдай жасау болып табылады. Жастар тәрбиесі мәселесі біздің университетте өзектілігі жағынан ең алдыңғы мәселелердің қатарынан орын алады. Тәрбие жұмыстары студент жастар бойында қазақстандық патриотизм, ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен тарихты, әдебиет пен тілді, ұлт ғұламаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттау; студенттердің шығармашылығын дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру; профессор-оқытушылар құрамының тәрбие ісіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ету; студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, бір сөзбен айтқанда иманды, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, ұлт болашағына жауапты азамат тәрбиелеу міндеттерін шешуді көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін университетте «Жоғары оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің Тұжырымдамасы» қабылданды. Осы тұжырымдама негізінде 2011-2012 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі жылдық жоспар бекітілді. Аталған жоспар ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің назарына ұсынылып, қолдауға ие болды. Сегіз бағыттан тұратын жоспар мазмұны сапалы жоғары білім мен саналы ұлттық тәрбиені беруге қатар бағытталады. Себебі оқу мәні тәрбиеде, түзу тәрбие болмаған жерде алынған білім қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да студенттерге зайырлы қоғам мүддесіне жауап беретін, ұлттық болмысымызға сай тәрбие берілуіне үлкен мән берілді. Студент жастардың қоғамда алатын орны ерекше, себебі олар – алдыңғы қатарлы саналы қоғамда болып жатқан өзгерістерге көзқарастары бар және сол көзқарастарын жедел әрі шұғыл танытатын, айналасындағы саяси оқиғаларға өз бағаларын бере алатын топ. Аталған топ елдің болашағы болғанымен де, ылғи да көңіл бөлуді қажет етеді. Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында жастарға сапалы білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес, жасөспірімдер арасында бұзақылықтың алдын-алу, жастарды жұмысқа орналастыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, экологиялық білім беру, жастардың бастамаларын қолдау және жастар ұйымдарын дамыту бағыттары жастар саясатының негізі. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – студент жастардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі студенттер – ертеңгі зиялылар. Күні ертең-ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады. Ғылым мен техниканы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау секілді жауапты міндеттер солардың қолдарында шоғырланбақ. Қазіргі таңда қоғамдағы ең етек алып келе жатқан ой пікірлердің көбісінің дені бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. «Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі», – деп В. Белинский дәл айтқан екен. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, алдымен өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы. Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр. Ел болашағы жастардың бұл міндеттің орындалуындағы алар орны айтпаса да түсінікті. Бұл орайда, Президент Н.Ә. Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек», - деп атап көрсеткен-ді. Расында, қандай халықтың да тәрбие негізінде адамға деген сенім мен құрмет, мейірім мен шапағат, сыйластық пен түсіністік жатады. Жастардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар өз ұстанымын осы мақсатты іске асыруға пайдаланса, онда елімізде бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ қашанда қанатын жайып тұратыны сөзсіз. Түйіндей келгенде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті, өзіндік тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқан, жоғары кәсіби білімді маман даярлау ісін алдағы кезде де жаңа инновациялық бастамалар мен жаңалықтар, ұлттық құндылықтар негізінде жалғастырмақ. Бүгінгі жастар заманның, қоғамның алдыңғы легінде болуға, біздің Қазақстанның жарқын болашағы үшін өз қабілет-қарымын, білім-білігін, өнерін, жастық жігерін аямай жұмсауға тиіс. Еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде өзіміздің сүбелі үлесімізді қосуға барлығыңызды шақырамыз. ТҮЙІНДЕМЕ Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында егемендік жылдары қол жеткізген табыстары мен ұлттық тәрбие ерекшелігі тұралы кеңінен сөз болады. РЕЗЮМЕ В статье говорится об особенностях национального воспитания и его достижениях за годы независимости в сфере высшего образования Республики Казахстан. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ |
Урок как форма организации учебной работы существует с семнадцатого... «Современный урок это урок, на котором учитель излагает новый материал понятно и доступно» | Урок-зачет, урок-семинар, урок-диспут, урок-конференция, урок-практикум,... Комбинированный — с элементами самостоятельной работы, лекцией, проблемно-поисковой деятельностью |
Урок взаимообучения; урок-игра; урок открытых мыслей; деловая игра;... В арсенале современного учителя появились и прочно закрепились электронные и компьютерные средства обучения, предметно-ориентированные... | Урок путешествие, брейн-ринг, концерт, презентация урок диалог урок... Отметьте материалы кабинета музыки, как учебно-исследовательской лаборатории, представляющие развивающую часть обучения в отличие... |
Тема: «Инновационный урок, нетрадиционный урок» Это, в свою очередь, определяет необходимость использования технологий, позволяющих учитывать индивидуальные особенности учащихся... | Урок географии в 10 классе "Климат и климатические ресурсы Беларуси.... Форма организации обучения: урок-исследование с применением информационных технологий, практическая работа |
Республики Беларусь Учреждение образования «Витебский государственный... Тип урока: урок формирования новых знаний; урок формирования умений и навыков; урок систематизации и обобщения; контрольный урок;... | Признаки и условия организации современного урока как подготовить современный урок урок Урок– это логически законченный, целостный, ограниченный определенными рамками отрезок учебно-воспитательного процесса. В нем в сложном... |
Как сделать обучение наиболее эффективным? Ов и уроков в игровой форме, особенно в 1-м классе, являются необходимым средством активизации познавательной деятельности учащихся.... | Современный урок Как же построить такой урок? Как сделать так, чтобы урок не только вооружал учащихся знаниями и умениями, значимость которых невозможно... |